Қазақстанда ирригациялық жабдық шығарылады

418

Зауыттың бірінші желісі биыл іске қосылады.

Қазақстанда ирригациялық жабдық шығарылады Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Жалпы, 2026 жылға дейін 7 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 1,6 трлн теңгелік 146 жобаны қамтитын инвестициялық портфель қалыптастырылды.

"Облыс құрылғаннан бері жалпы құны 38 млрд теңгені құрайтын 47 жоба іске асырылып, мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Аймақтың аграрлық бағытын ескере отырып, "Қорғас" АЭА аумағында Қытайдан ең ірі жаңбырлатқыш жүйе өндірушісі құны 20 млн доллар тұратын ирригациялық жабдық шығаратын зауыт ашуды жоспарлап отыр. Бірінші желісі биыл іске қосылады", – деді өңір басшысы.

Бұдан басқа, облыстың шекара маңы аймағында тиімді орналасуын пайдалана отырып, көлік-логистика саласында жалпы құны 57 млрд теңге болатын ауыстырып тиеу терминалын салу бойынша 3 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оның қуаты 11 млн тоннаны немесе 600-700 мың контейнерді құрайды, деді спикер.

Облыс әкімі үш жылдық үзілістен кейін "Қорғас" ХШЫО өз қызметін қайта бастағанын еске салды. Оның жұмыс режиміне өзгерістер енгізілді және тауарлар тасымалдаудың жаңа нормалары бекітілді. Қазіргі уақытта Үкіметтің арнайы қаулысымен "Қорғас" ХШЫО облыс балансына берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу