Қазақстанда Ішкі істер министрлігі жанынан жаңа комитет құрылды

280

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстанда Ішкі істер министрлігі жанынан жаңа комитет құрылды Фото: ҚР ІІМ

Қазақстанда Ішкі істер министрлігінің құрылымында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Ендігі уақытта министрліктің құрамына 5 ведомство кіреді.

Олар мыналар:

  • ҚР Ұлттық ұланның бас қолбасшылығы;
  • Қылмыстық атқару жүйесі комитеті;
  • Әкімшілік полиция комитеті;
  • Көші-қон қызметі комитеті;
  • Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті.

Iшкi iстер министрлiгiнің құрылымындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетін құру есірткіге қарсы қызметтің негізгі бағыттары бойынша функцияларды сапалы деңгейде орындауға, есірткінің қауіп-қатеріне қарсы іс-қимылдан тұратын ұйымдастырушылық бөлігін мемлекетті деңгейде жақсартуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу