Қазақстанда ішкі сауда көлемі тұрақты өсім көрсетіп отыр

326

Көтерме және бөлшек саудада оң динамика сақталған.    

Қазақстанда ішкі сауда көлемі тұрақты өсім көрсетіп отыр Фото: zhasalash.kz

2026 жылғы қаңтар–мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі сауда саласында тұрақты өсім тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 "Сауда" саласының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,6%-ды құрады.

Көтерме сауда көлемі 19,6 трлн теңгеге жетіп, 6,5%-ға артты. Бұл көрсеткіш елдегі сауда белсенділігінің күшеюіне және экономикалық айналымның ұлғаюына ықпал етті.

Бөлшек сауда да оң динамиканы сақтап отыр. Есепті кезеңде оның көлемі 9 трлн теңгені құрап, нақты мәнде 3,6%-ға өсті.

Сауда айналымы бойынша негізгі үлес Алматы (34,5%), Астана (13,9%), Атырау (11,5%), Қарағанды (6,1%) қалалары мен облыстарына және Шымкентке (5%) тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу