Қазақстанда іскерлік белсенділік үшінші ай қатарынан төмендеп жатыр

401

Қыркүйек айында іскерлік белсенділік индексі 49 тармақты құрады.

Қазақстанда іскерлік белсенділік үшінші ай қатарынан төмендеп жатыр Фото: freepik

Тамыз айына қарағанда бұл 0,8-ге төмен. Бұл қатарынан үшінші құлдырау. Ұлттық Банк мәліметтеріне сәйкес, мұндай көрсеткіш 2021 жылдың III тоқсанынан бері байқалмаған, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, 50 тармақтан төмен көрсеткіш экономиканың нақты секторындағы теріс өзгерістерді көрсетеді.

“Негативті аймақта оның барлық компоненті орналасқан. Әсіресе құрылыс (48,5) және тау-кен өненкәсібі (48,6) салаларының жағдайы күрделі. Қызмет көрсету (49,1) және өндіріс (49,4) салаларында жағдай айтарлықтай жақсы. Барлық секторда іскерлік белсенділікті жеткізілім мерзімдері тежеп тұр. Бұл тау-кен өнеркәсібіне ғана қатысты емес. Мұнда басқа факторлар – өндіріс көлемі мен жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуі әсер етіп отыр”, - делінген DataHub мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу