Қазақстанда Ислам банкі несиелендіруді бастамақ

8585

Қазақстанда Ислам банкі несиелендіруді бастамақ

Алматыда Al Hilal Bank алғашқы бөлімшесін ашты. Елімізде 7 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Исламдық қаржы институты енді жеке сегментке өтіп, халыққа қызмет көрсетуді көздеп отыр. Банк басшылығының айтуынша, алдағы 3-5 жылдың ішінде 1 млрд теңге көлемінде несие беруді жоспарлауда. Ал қазақстандағы несие портфелінің көлемі 150 млн долларды құрайды. Сондай-ақ, биыл жыл соңына дейін 30 млрд теңге көлемінде депозит ашылуы мүмкін. Банк корпаративті және жеке тұтынушыларға қызмет көрсетпек. Алдағы уақытта банк онлайн-қызмет көрсетіп, ипотекалық несиеліндіру басталатын болады.

Алекс Коэльо, Al Hilal Bank PJSC басқарма төрағасы:

"Бүгін Қазақстан үшін де, Араб Эмираты үшін маңызды күн. 2009 жылдан бастап серіктестік байланыстарымызды дамытып, енді міне Алматыда кеңсеміз ашылды. Біз алматы нарығына барлық ислами нормаларға сай заманауи қаржылық қызмет көрсететін боламыз. Алдағы уақытта халықты тікелей несиелендіруді жоспарлап отырмыз. Осылайша Қазақстан қоғамына жақын бола түскіміз келеді".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу