Қазақстанда ислам қаржыландыру жүйесі дамиды

1236

 Қазақстанда ислам қаржыландыру жүйесі дамиды

Алматыда "Даму" қоры Басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров пен Ислам қаржы дамыту қауымдастығының төрағасы Тимур Рүстемов өзара меморандумға қол қойды. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.
Меморандум Қазақстанда ислам қаржыландыру жүйесін дамытудағы жалпы міндеттерді шешеді.Ол үшін Қауымдастық жанында өзара диалог алаңын құрып,  нарықтағы өкілдермен бірлескен бағдарламалар мен түрлі шаралар атқару, елде ислам қаржы жүйесін насихаттау, дамыту мақсатында форум, конференциялар ұйымдастыру көзделген.

Ислам шарттарымен қаржы алу үшін кәсіпкерлерге Ислам қаржыландыруының не екенін білу маңызды. Меморандум аясында ислам қаржы институты бағдарламалары таныстырылды. Жиынға келген кәсіпкерлер сұрақтар қойды. Атап айтқанда, Ислам шарттары бойынша жұмыс істейтін банктер елдегі басқа да екінші деңгейлі банктерге бәсекелес бола ма? Ислам банктері қандай талаптар бойынша жұмыс істейді? Тек Ислам дінін ұстанушыларға ғана қызмет көрсетіле ме? Ислам шарттары бойынша қаржы алмақ болған кәсіпкерге қандай талаптар қойылады,-деген сияқты көптеген сұрақтарға жауап тапты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу