Қазақстанда істен шыққан көліктерге берілетін сертификат көлемі артты

763

Жарамсыз темір тұлпарды тапсырып, жаңа көлік сатып аларда, 550 мыңнан 750 мың теңгеге дейін үнемдей аласыз. 

Қазақстанда істен шыққан көліктерге берілетін сертификат көлемі артты

Елімізде істен шыққан жолаушы және жүк көліктерін өткізгендерге берілетін сертификаттың көлемі артты, деп хабарлайды 24.kz.

Жарамсыз темір тұлпарды тапсырып, жаңа көлік сатып аларда, 550 мыңнан 750 мың теңгеге дейін үнемдей аласыз. Берілетін сертификаттың құны автокөліктің санатына байланысты. Энергетика министрлігі бекіткен ереже 20 ақпаннан бастап күшіне енеді. Ал бұрын мұндай сертификат 450-650 мың теңге аралығында болатын. Бірақ жеңіл көліктерге берілетін жеңілдіктің көлемі – бұрынғысынша 315 мың теңге.

Айта кетейік, биыл "РОП" операторы 25 мың жеңіл және коммерциялық көліктерді қабылдай алады. Ескі темір тұлпарларды сатып алу бағдарламасы аясында тағы да 25 мың жеңіл автокөлікті өткізуге мүмкіндік бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу