Елімізде IT-салаға 187 мыңнан астам маман жұмылдырылды

101

Бүгінде БҰҰ бағалауы бойынша Қазақстан цифрландыру саласында ілгері жетістіктерді көрсетіп отыр. 

Елімізде IT-салаға 187 мыңнан астам маман жұмылдырылды Фото: Digital Business.kz

Біздің еліміз 193 мемлекет арасында 24-ші орында, сондай-ақ онлайн-қызметтер индексі бойынша 10 көшбасшының қатарына кіреді. Бүгінде интернет арқылы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу 92%-ға жетті. 2024 жылы Қазақстанның IT-саласы қарқынды өсімді көрсетті. IT-компаниялардың саны 18 683-ке жетті. Соңғы үш жылда 16% өсім.

Сонымен қатар IT-мамандарға сұраныс артып келеді. Қазіргі уақытта IT-саладағы жұмыспен қамту 12%-ға артып, 187 мың адамға жетті. Бұл саладағы орташа айлық жалақы 2024 жылы 54%-ға өсіп, 673 мың теңгеге жетті.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында жеке IT-мектептерді ынталандыру арқылы 2025 жылға қарай 20 мың IT-маман даярлауға бағытталған Tech Orda бағдарламасы іске қосылды. Бүгінгі таңда олар ақпараттық технологиялар саласында 16 мыңнан астам сарапшы дайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу