Елімізде қай өңірдің тұрғындары ең көп табыс табады

2041

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанның әр өңіріндегі тұрғындардың ақшалай кірістерін есептеді.

Елімізде қай өңірдің тұрғындары ең көп табыс табады Фото: canva.com

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, екінші тоқсанда халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы айына 204 963 теңгені құрады, бұл 2023 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 12,6%-ға15 артық. Осы кезеңдегі тұтыну бағаларының индексін (8,5%) есепке алғанда халықтың ақшалай кірісі нақты мәнде 3,8%-ға өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысының ең жоғары мәні екінші тоқсанда Атырау облысында тіркелді, бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден екі есеге дерлік асып түсіп, 383 171 теңгені құрады. Екінші орында Алматы қаласы тұр, онда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысының деңгейі 297 188 теңгені құрады. Үшінші орында 278 117 теңге көрсеткішпен Маңғыстау облысы.

Табысы ең төмен өңір Түркістан облысы – 119 753 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу