Қазақстанда қай смартфондарға сұраныс көп

1528

Елде ұялы телефондар бір жылда 8%-ға қымбаттаған.

Қазақстанда қай смартфондарға сұраныс көп

Қазақстанда Samsung, Apple, Xiaomi смартфондары жоғары сұранысқа ие, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

StatCounter дерегінше, 2022 жылғы қаңтарда әлемдегі ең танымал ұялы телефон Apple болды. Компанияның әлемдік нарықтағы үлесі – 29,5%. 

Екінші орында Samsung компаниясы тұр, нарықтағы үлесі – 27,2%. 

Үшінші орында – Xiaomi, нарықтағы үлесі – 11,5%. 

Ал Samsung ұялы телефондар нарығында көшбасшысы болып тұр (нарықтағы үлесі 36,1%). Өткен жылғы көрсеткіш – 41%. 

Екінші орында Apple: нарықтағы үлесі – 26,6%, бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 20%. Үшінші орында Xiaomi тұр, нарықтағы үлесі – 17%, 2021 жылғы қаңтардағы көрсеткіш – 15,2%. 

Сондай-ақ үздік бестікке Oppo және Huawei компаниялары енді.

IDC мәліметінше, 2021 жылғы төртінші тоқсанда әлемде смартфондарды жеткізу өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. 

Смартфон өндірушілер жалпы 362,4 млн телефон өндіріп жіберген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,2%-ға аз. Жалпы 2021 жылы 1,35 млрд смартфон сатылған, бір жылда минус 5,7%.

2022 жылғы қаңтарда елде смартфондар бағасы бір жылда 7,8%-ға өскен.

Ақтөбе облысында смартфондар айтарлықтай қымбаттаған (баға бір жылда 28,2%-ға көтерілген). Сондай-ақ ұялы телефондар бағасы Жамбыл облысында бір жылда 12,6%-ға және Алматы бір жылда 12,5%-ға артқан.

Тек Қарағанды облысында баға бір жылда 1%-ға төмендеген.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу