Қалалық автобуста жол жүрудің жиі таралған жолақысы 80 теңге, мұндай төлем мөлшері Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Қонаев, Семей және Талдықорған қалаларында белгіленген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандықтар үшін қалалық автобуспен жол жүрудің ең арзан ақысы Шымкент, Ақтау және Түркістан қалаларында – 70 теңге.
Алматы, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Павлодар және Петропавл қалаларының тұрғындары қоғамдық көлікте жүргенде 100 теңгеден төлейді.
Айта кетейік, Ақтау, Қонаев және Түркістан қалаларынан басқа елдімекендерде көлік картасы немесе QR арқылы төленетін мөлшер көрсетілген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу