Қазақстанда кальций қосылған сода өндіретін тұңғыш зауыт салынады

385

Қазақстанда кальций қосылған сода өндіретін тұңғыш зауыт салынады

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде "Аралтұз" АҚ және қытайлық  "QinghaiDeshengSodaAshIndustrialCo.Ltd"   компаниясы жарғылық капиталы 17,5 млрд теңгеден асатын қазақстан-қытай бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жобадағы жалпы инвестиция көлемі 87,5 млрд теңгеден асады.

Қазақстанда кальций қосылған сода өндіретін тұңғыш зауыттың құрылысын салудағы мақсат - Қазақстан Республикасының ішкі нарығын әлемдік озық технологияларды пайдалану арқылы экология және  өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сай келетін жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз етіп, импортқа тәуелділікті азайту.  

Сода зауытының құрылысы 700 ден астам жұмыс орнын ашуға, жергілікті бюджетке салық түсімдерін көбейтуге, тек Арал аймағы ғана емес тұтас еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу