Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдейтін 41 зауыт салынады

95

Тізімдегі жобалардың барлығын іске асыру 4,5 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және 54,6 млрд теңге жеке инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдейтін 41 зауыт салынады Фото: canva.com

Үкімет отырысында тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауыттарын салу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарауында жалпы сомасы 307 млрд теңге болатын 65 жоба бар.

Ұсынылған кәсіпорындардың барлық тізімінен 41 қызмет қоқысты қайта өңдеуге бағытталғанын атап өткен жөн. Олардың жалпы өңдеу қуаты жылына 1,1 млн тоннаны құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу