Қазақстанда қандай этнос өкілдері тұрады?

316

Еліміздегі халық саны 20 млн-нан асады. 

Қазақстанда қандай этнос өкілдері тұрады? Фото: dnk-otcovstvo.ru

Республикада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні тойланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, ел халқының 71,0%-ы – қазақтар (14 220 321 адам). Сан жағынан екінші орында орыстар тұр, олардың саны – 2 983 317 адам (14,9%)
Өзбектер – 660 564 адам (3,3%).

Бұдан басқа елімізде 375 914 украин, 301 584 ұйғыр, 224 343 неміс, 219 201 татар тұрады. Әзербайжандар – 152 847, кәрістер – 120 262, түріктер саны – 90 015.

Қазақстанда 83 мың дүңген, 75 мың белорус, 55 мың тәжік, 50 мың күрд, 38 мың қырғыз, 34,6 мың шешен, 34,5 мың поляк, 25 мың қарақалпақ, 20 мың башқұрт бар. 

Бұдан бөлек елде даргин, коми-пермяк, караим, марий, құмықтар және тағы басқа этнос өкілдері де тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу