Қазақстанда қандай құрылыс материалдары шығарылады

1355

Ішкі нарықтағы импорт үлесін шамамен 60%-ға қысқарту жоспарланған.  

Қазақстанда қандай құрылыс материалдары шығарылады

Бұл тақырыпқа Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов тоқталды, деп жазды inbusiness.kz.

"Ішкі нарықты ең сұранысқа ие отандық құрылыс өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасады. "Самұрық-Қазына Құрылыс" АҚ-мен бірлесіп 8 616 жаңа жұмыс орнын құру арқылы жалпы сомасы 601,3 млрд теңгені құрайтын импортты алмастыру бойынша 35 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда", – деді Бейбіт Атамқұлов. 

Оның айтуынша, құрылыс саласын отандық тауарлармен қамтамасыз ету үшін жаңа өндіріс орындарын ашу жоспарлануда. Айталық, санитарлық-техникалық бұйымдар, керамикалық плиткалар және тағы басқа. 

"Бұл жобаларды енгізу ішкі нарықтағы импорт үлесін шамамен 60%-ға қысқартып, құрылыс материалдары бағасының құбылуын болдырмайды", – деп түйіндеді министр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу