Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан инжиниринг "Research & Development орталығы" ЖШС экономикалық қызметтің түрлі салаларының қажеттіліктері үшін отандық пилотсыз авиациялық кешендер өндіру жобасын қолға алды. Онда заманауи пилотсыз кешендер жасалуда", – деп хабарлады министрлік.
Аталған дрондар төтенше жағдайларды анықтау, мұнай және газ құбырлары өтетін аумақтардың жай-күйін бақылау, браконьерлікпен күресу және жануарларды есепке алу үшін қолданылады.
Одан бөлек, мемлекеттік шекараны бақылау, электр беру желілері мен ауыл шаруашылығы алқаптарының жай-күйін мониторингтеу үшін де пайдаға асады.