Қазақстанда қандай вакциналар бар?

1468

Елде COVID-19-ға қарсы екпе қоры жеткілікті.  

Қазақстанда қандай вакциналар бар?

Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирусқа қарсы қандай вакциналар қолжетімді екеніне қатысты мәліметті жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, бүгінде Қазақстанда QazVac, Vero Cell (Sinopharm), Pfizer (балалар мен жүкті әйелдер, 60 жастан асқан тұрғындар үшін) сынды екпелер бар.

"Бүгінде вакциналардың жеткілікті саны қамтамасыз етілді. Тұрғындардың бастапқы вакцинацияны да, ревакцинацияны да алуға мүмкіндігі бар.

Cондай-ақ 2022 жылғы 20 қаңтардан бастап Sputnik Light вакцинасы (жеткізу көлемі – 150 мың доза) қолжетімді болады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу