Елімізде есімі ақын, ағартушы және философ, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай құрметіне қойылған 18 232 бар екен. ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі осындай мәлімет беріп отыр.
Ал ақынның туған жері Шығыс Қазақстан өңірінде Абай атты 378 азамат тұрады.
"Бүгінде ең үлкен Абай 92 жаста болса, ең кішісі небары 2 күн бұрын туған. Кішкентай Абай 2020 жылғы 20 қаңтарда Сарыағаш қаласында дүниеге келді",– дейді АХАТ басқармасынан.
Соңғы 10 жыл ішінде (2009-2020 жж.) 2470 Абай өмірге келіпті. Олардың дені түркістандықтар(415), Алматыда 321 және Нұр-Сұлтанда 273 ақынның аттастары бар екен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу