Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияның расталған 746 жағдайы тіркелді, деп хабарлады дүйсенбіде COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Жалпы пандемия басталғаннан бері республикада COVID-19-тің 163 мың 19 жағдайы расталды, оның ішінде Алматыда - 19637 (+120), Шығыс Қазақстан облысында - 19294 (+38), Нұр-Сұлтанда - 19268 (+55), Атырау облысында - 14392 (+73), Қарағанды облысында - 12451 (+40), Павлодар облысында - 9957 (+65), Батыс Қазақстан облысында - 9622 (+46), Солтүстік Қазақстан облысында - 9185+ (52) ), Қостанай облысында - 8168 (+63), Ақмола облысында - 7835 (+59), Алматы облысында - 7656 (+63), Шымкентте - 5619 (+20), Жамбыл облысында - 5147 (+16) , Маңғыстау облысында - 3810 (+10), Ақтөбе облысында - 3763 (+10), Түркістан облысында - 3772 (+8), Қызылорда облысында - 3443 (+8).
ВАК мәліметтері бойынша, өткен тәулік ішінде Қазақстанда тағы 411 адам коронавирустен айыққан, пандемия басталғаннан бері - 149 мың 82.
Өз кезегінде, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте COVID-19-дан бір өлім туралы хабарлады. Пандемия басталғаннан бері елде коронавирустың салдарынан 2360 адам қайтыс болды.