Қазақстанда қанша әскери қызметшіге "кредиттік демалыс" берілді?

Әскери борышын өтеуде ерекше көзге түскен 1029 азамат білім грантымен ЖОО-да білім алуға мүмкін алған. 

Қазақстанда қанша әскери қызметшіге "кредиттік демалыс" берілді? Фото: gov.kz

Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Сәкен Жүсіпов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта әскери қызметтің тартымдылығын арттыру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Ең біріншіден, білім беру секторындағы жеңілдіктер мен несиелік демалыстарға қатысты мән-жай ерекше түсіндіріледі.

ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасарының айтуынша, әскери қызметшілерді қолдау мәселесі күн тәртібінде тұр.

– 17 мың әскери қызметшіге 6,6 млрд теңгеге "кредиттік демалыс" берілді, – деді сөз арасында Сәкен Жүсіпов.

Сондай-ақ, ол генерал-майор қызмет кезінде мерзімді сарбаз еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандығын игеруге мүмкіндік алатынын айтты. Оқыту тиісті сертификаттар берумен жалғасады.

Бұған дейін отандық БАҚ-тар биыл әскер қатарын 20 мыңнан астам азамат толықтыратынын жарыса жазған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу