Қазақстанда қанша автокөлік бар?

189

149,2 мың бірлік автокөлік құралдары ақпан айында есепке қойылды. 

Қазақстанда қанша автокөлік бар? Фото: Максим Морозов

2025 жылғы ақпанда 149,2 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,2% артты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның ішінде жеңіл автомобильдер саны 8%, жүк автомобильдері 26,2% артты, ал автобустар 6,8% кеміді.

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5791,7 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88,1% жеңіл автомобильдер, 9,9% жүк автомобильдері және 2% автобустар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу