Қазақстанда қанша ер адам бар екені анықталды

Бұл ақпаратты Ұлттық статистика бюросы таратты.   

Қазақстанда қанша ер адам бар екені анықталды Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Ресми деректерге сай, Отан қорғаушылар күніне орай елімізде 10 044 673 ер азамат құттықтау қабылдайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мереке қарсаңында ерлердің қай өңірлерде басым екені де жазылған.

Жас топтары бойынша ерлердің үлесі назардан тыс қалмаған. Мысалы, 0-15 жастағылар 30,2% болса, 16-60 жас аралығындағылар 56,5% пайызды құрады. Сол секілді, 61 жас және одан жоғары жандар 13,3%-ға жеткен.

Ерлер ең көп шоғырланған өңірлер көшін Алматы қаласы (1,1 млн) мен Түркістан облысы (1,1 млн) бастаған. Тиісінше, Алматы облысында 806,5 мың ер-азамат қоныстанса, Астана қаласында 785,4 мыңы тұрып жатыр.

Ал ерлердің орташа жасы – 31,1 жас. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 72,19 жыл.

2025 жыл бойынша жұмыспен қамтылған халық арасындағы ерлердің үлесі 51,6%-ға (4,8 млн ер адам) жеткен.

Яғни, жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес 50,6%-ға шықса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлес 55,1%-ды құрайды.

Салалар бойынша жұмыспен қамтылған ерлердің үлесінің де статистикалық көрсеткіші бар.

Олар:

  • Өнеркәсіп – 16,5%;
  • Көтерме сауда – 14%;
  • Ауыл шаруашылығы – 12,4%;
  • Көлік және қойма – 11,1%.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер арасындағы ерлердің үлесі 54,7% болса, ең көп жұмыспен қамтылған ерлер 35-44 жас аралығында (1,4 млн адам) екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу