2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша орналастыру орындарының саны 3 848 бірлікті құрады. Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда олардың саны 92 бірлікке өскен. Оның 2215-і – қала аумағында, қалған 1633-і ауылдық жерлерде орналасқан, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ұлттық. Статистика бюросына сілтеме жасап.
Оның ішінде (2022 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда):
Мейрамханасы бар қонақ үй – 751 (-48)
Мейрамханасыз қонақ үй – 1450 (+42)
Демалыс үйі – 96 (+9)
Демалыс пансионаты – 28 (0)
Балалар лагері – 110 (-1)
Туристік база – 52 (0)
Кемпинг – 38 (+4)
Хостелдер – 111 (+35)
Орналастыру орындарының ең көп саны дәстүрлі түрде Алматы қаласы – 337 және Жетісу облысында-334. Ең азы Ұлытауда – 24 орын.