Қазақстанда қанша ІТ-компания жұмыс істейді?

692

Салада 180 мыңнан астам маман еңбек етеді.

Қазақстанда қанша ІТ-компания жұмыс істейді? Фото: ThinkTanks.by

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Оның сөзінше, бүгінде ІТ саласы мамандарының жалақы көлемі қарқынды өсіп келеді. 

Бір жыл ішінде орташа жалақы шамамен 100 мың теңгеге көтерілді, деп атап өтті Бағдат Мусин.

"Жоғарғы оқу орындарындағы ІТ факультеттерінде оқитын студенттердің саны көбеюде. 2022-2023 жж. 53 061 азамат ІТ-мамандығын бітірді. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғында 27,6%-ға артық. Инновациялық экономиканы құру үшін қажетті кадрлар базасын заманауи айти мектептер толықтырады", - деді ведомство басшысы.

Қазіргі таңда TechOrda бағдарламасы бойынша 2 мың адам айти-кәсібін игеріп, жалақы мөлшері 450 мың теңгені құрайтын жұмысқа орналасу мүмкіндігі ашылған.

"Епам, Бинанс, Гугл, Хуавей сияқты алып компаниялармен бірігіп, Курсера сияқты оқу курстарын тарататын боламыз. Осы трендті күшейту үшін 1 желтоқсаннан бастап ІТ пәнінің мұғалімдерін оқыту үшін дәл осындай тетік енгізілетін болады",  -деді ол.

Бағдат Мусин Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, өңірлік оқу орындарындағы ІТ факультеттеріне аудит өткізілетінін де жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу