Лудомандарды диспансерлік есепке қоймай емдеудің жаңа тәртібі енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жасыратыны жоқ, лудомандар мемлекеттік клиникаларға жүгінбейді. Оған мұндай пациенттердің динамикалық есепте болуы себеп. Есепке алынған азаматтар ЖОО-ға түсе алмайды, әскерде қызмет ете алмайды немесе жұмысқа орналаса алмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ресми есепте барлығы 19 лудоман тұр. Әрине, бұл статистика елдегі нақты жағдайды көрсетпейді. Пациенттердің дені қомақты ақшаға жеке ұйымдарда оңалтудан өтеді. Жеке мекемелердің бақылаусыз және жабық болуы мәселесі де бар. Енді мемлекеттік клиникаларда да анонимділік қамтамасыз етіледі", - деді Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев.
Жаңа тәртіп ойынқұмарларды сапалы тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.