Сайрам ауданы Ақсукент ауылында 300 адамдық мешіт ашылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Діни ғимараттың ашылу рәсіміне Қызылорда, Қарағанды, Теміртау, Ақмола облыстарынан келген тұрғындардан басқа, Өзбекстаннан келген қонақтар қатысқан. Мешіттің құрылысы жеті ай бойы жүргізілді. Қаржыны жергілікті меценат бөлген.
Жалпы елімізде діни ғимарат саны – 3776, оның ішінде 2834 мешіт бар. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ-ға филиал болып тіркелген 2752 мешіт бар екенін айтады.
"Оның 20-сы – облыстық, аймақтық орталық мешіт, 418-і – қалалық мешіт, 173-і – аудандық мешіт және 2141-сі – ауылдық мешіт. Сондай-ақ еліміз бойынша жалпы 447 намазхана бар", - деп дерек келтірілген Бас мүфтидің жазбасында.