Ал соңғы 2 жылда Қазақстанда қылмыскерлерден 17 мыңнан астам киік мүйізі мен 500 киіктің еті тәркіленген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мұндай мәліметті Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің отырысында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев айтты.
Оның сөзінше, заңның қатаңдығы да қылмысты тоқтатуға ықпай жасай алмай отыр.
– Қылмыстық заңнаманың қатаңдығына қарамастан, браконьерлік әрекеттер әлі де бар. Соңғы екі жылда қылмыскерлерден 17 мыңнан астам ақбөкен мүйізі мен 500-ден астам киік тәркіленді, – деді Н.Шәрбиев.
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі сөз арасында Қазақстанда киік саны 2003 жылы 21 мыңнан 2025 жылға қарай 5 миллионға дейін жеткенін айтты.