Аталған статистиканы Ұлттық статистика бюросы ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Жазға дейін бірнеше күн қалды, алда көптен күткен демалыс уақыты басталады.
2022 жылдың соңында ел аумағында 172 санаторлы-курорттық ұйым болды, оның ішінде 109 –санаторий, 27 – оңалту орталығы, 9 –профилакторий, 7 – мамандандырылған және басқа да санаторийлер.
Шипажайлардың 66-сы қала аумағында болса, 106-сы ауылды жерде орналасқан.
Курорттық ұйымдардың саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 72 ұйым жұмыс істейді. Одан әрі Ақмола облысы – 13, Алматы қаласы мен Қызылорда облысында – әрқайсында 11 демалыс орнынан.
Өткен жылы шипажайларда 380 мың адам сауықса, оның 60% – әйелдер.