Қалаларда 73 театр жұмыс істейді, оның ішінде 39 – драма, 11 – қуыршақ, 7 – жас көрермен театры, 4 – музыкалық комедия, 4 – опера және балет, 8 – басқалары.
Мемлекетке 57 театр тиесілі. 16 Театр жеке меншікте, оның 14-ін жеке кәсіпкерлер жүргізеді.
Театрлар саны бойынша бірінші орынды дәстүрлі түрде Алматы алып отыр – 23 театр. Екінші орында Астана – 9, одан кейін Шымкент – 6 театр.
2022 жылы республика театрлары 15,3 мың іс-шара өткізді, оның 8,3 мыңы – балаларға арналған іс-шаралар.
Өткен жылы әртістердің ойынын тамашалауға 2,1 млн көрермен барды. Ал ең көп келушілер Алматы (726,4 мың адам), Астана (461,3 мың адам) және Қарағанды облысының (272,1 мың адам) театрларында болды.