Қазақстанда қанша тонна бидай бар?

1588

"Азық-түлік келісімшарт" корпорациясы 604 мың тонна қор қалыптастырды. 

Қазақстанда қанша тонна бидай бар? Фото: Серікжан Қобыланбаев

Мәжілістегі үкімет сағатында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров қорда сақталған астық көлемі халықты ұнмен қамтамасыз етуге де,  тұқым себуге де жететінін жариялады. 

"Егін жинау қорытындысы бойынша былтыр 17,4 млн тонна астық бастырылды, бұл 2018 жылдың деңгейінен 2,9 млн тоннаға немесе 14%-ға аз. Қазір республика бойынша қорда 10,2 млн тонна астық, оның 7,8 млн тоннасы бидай", – деді Сапархан Омаров.

Министрдің мәлімдеуінше, 1 шілдеге дейін елімізде шамамен 5,8 млн тонна астық тұтынылады. 

"Экспорттық әлеует 3,1 млн тонна астықты, оның ішінде бидай 2,7 млн тоннаны құрайды. Өтпелі қалдық шамамен 1,3 млн тонна. Бұл астық қоры жеткілікті деген сөз. Осы уақытқа дейін "Азық-түлік келісімшарт" корпорациясы 604 мың тонна астық көлемінде азаймайтын қор қалыптастырғанын айта кетуіміз керек", – деді ол. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу