Қазақстанда 100 мыңға жуық тіркелген жеке кәсіпкер бар
Осы жылдың басында Қазақстандағы тіркелген жеке кәсіпкерлер саны 999,7 мың болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,6%-ға артық. 2013-2015 жылдары олардың саны миллионнан асып кеткен болатын. Бұл деректерді energyprom.kz жариялады.
2019 жылдың ақпан айының соңында жұмыc істеп тұрған жеке кәсіпкерлік саны 840,9 мыңға жетті. Бір жыл ішіндегі өсім 11,2% құраса, жыл басынан олардың саны 3,9% - ға өсті.
Дегенмен, бұл сектордағы динамика тұрақсыз: 2018 жылы жұмыс істеп тұрған ЖК субъектілерінің саны 8,3%-ға өскенімен, 2017 жылы 8,2%-ға, 2016 жылы 12,5%-ға азайған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу