Статистика комитеті мәліметтеріне сүйенсек, 2019 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша еліміздің көшелерінде жалпы саны 3,7 млн жеңіл көлік жүр. Ал 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда 647 мың темір тұлпар тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ 7,2%-ға төмен.
Естеріңізге сала кетсек, аталған уақыт аралығында 11,5 мың жол көлік оқиғасы орын алып, олардан 16,9 мың адам жапа шеккен. Осылайша жол апатының саны 3,4%-ға өскен.
Ал сақтандыру компаниялары көлік жүргізушілеріне 21,3 млрд теңгеге 54,8 мың төлем жасаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу