Қазақстанда қант таусылды

1048

Еуразиялық одақ сырттан қант кіргізуге тиым салады. Есеп бойынша елде 5-7 күнге жетерлік қана қант қалған.

Қазақстанда қант таусылды

Raimbek компаниясының өкілі Сурен Абибулаевтың сөзіне қарағанда,Қазақстанда қант өндірілмейді, ал Еуразиялық экономикалық одақтың ережелері бойынша, еуропалық қантты енгізуге болмайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

"Қазақстанда қантқа байланысты тек өндірушілер үшін ғана емес, халыққа да қатысты қиын жағдай қалыптасты. Біздің есептеулеріміз бойынша, жақын және алыс шетелдерден әкелетіндерде 5-7 күнге жетерлік қана қант қалды. Екі аптадан кейін сауда орындарының сөрелерінен қант мүлде жоғалады, — дейді Сурен Абибулаев.

Raimbek компаниясының өкілінің түсіндіруіне қарағанда, 2018 жылдың 27 шілдесінде Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына үшінші елдерден қант әкелуге болмайтыны туралы Қаулыға қол қойылып, ол 1 тамыздан күшіне еніпті.

"Қантты тек Ресей, Беларусь немесе Қырғызстаннан ғана сатып алуға болады немесе өзіміздікін өндіру керек. Шенеуніктер үшінші елдерден енгізілетін қантқа қарсы болғанда, өзімізде қант болады деп уәде еткен. Бертінге дейін нарықтағы қанттың 70−80 пайызын Орталық азиялық қант корпорациясы өндірген болатын. Алайда 1 тамыздан бастап корпорацияның үш зауыты жұмысын тоқтатты", — деп жалғастырды спикер.

Енді Қазақстан үшін ең ірі тасымалдаушы Ресей, алайда көршілеріміз биылғы түсімнің 20−30%.-ға кеміп кеткенін айтады. Ресейлік зауыттардың өнімділігі жылына 5,5−6,5 млн тоннаны құрайды, ал өздерінің ішкі қажеттіліктері жылына 6 млн.тонна. Сурен Абибулаев бұл көлем тек Ресейдің өзін қамтамасыз етуге ғана жетеді деп қорытындылады сөзін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу