Қазақстанда қарабидай ұны бір жылда 20%-ға, бидай ұны – 9,4%-ға қымбаттады

2437

Қазақстанда қарабидай ұны бір жылда 20%-ға, бидай ұны – 9,4%-ға қымбаттады

2016 жылы өңдеуші өнеркәсіпке жататын кәсіпорындардағы баға 19,6%-ға, тау-кен кәсіпорындарында - 14,1%-ға көтерілген.  Өндірілген өнім 16,8%-ға, өнеркәсіптік сипаттағы өнімдер – 3,6%-ға қымбаттады, деп хабарлайды ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.

Атап айтқанда,  жарма - 37,6%-ға, құс еті - 24,9%-ға, қарабидай ұны - 20%-ға, бидай ұны - 9,4%-ға, қант - 19,1%-ға, шай - 15,3%-ға, өсімдік майы - 15,2%-ға, сүт өнімдері - 12,8%-ға, мал еті - 10,8%-ға, нан - 10,4%-ға, балық - 7,2%-ға, макарон - 4,9%-ға қымбаттағаны байқалған, деп хабарлайды "Казах-Зерно" АА.
 

Өткен жылы өндіруші кәсіпорындарда мазут бағасы  36,6%, дизель отыны - 35,3%, бензин – 13,7%-ға өскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу