Қазақстанда карантин шектеулерін елемейтін азаматтарға талап күшейтіледі

715

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жауапсыз азаматтар жазалануы керек, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанда карантин шектеулерін елемейтін азаматтарға талап күшейтіледі

"Вакциналау мәселесінде отандық бизнестің ұстанымының маңызы зор. Ұжымдық иммунитетке қол жеткізбей, бизнес үшін санитарлық шектеулердің алып тастау мүмкін емес. Бұған дейін айтқанымдай, біз пандемия жағдайында жұмыс істеп, өмір сүруге бейімделуіміз керек. Мұның бәріне бизнес мен тұтынушылар Ashyq цифрлық шешімі арқылы қол жеткізе алады. Бағдарлама өз міндетін ақтап, атқарып жатыр", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте.

Президенттің айтуынша, соңғы уақытта бағдарлама бойынша "қызыл" және "сары" мәртебесі бар азаматтардың қоғамдық орындарға баруы көбейіп кеткен. Бағдарлама оларды тіркеген жағдайда да жауапсыз азаматтар басқа орындарға баруды әдетке айналдырған.

"Сондай жауапсыз адамдар айыппұлдан қорықпайтын секілді. Әлде ол айыппұлды оларға ешкім жазбайтын болуы керек. Ал ЖСН мен иммундық мәртебе жүйеде тіркеліп жатыр. Мұндай жауапсыздық жазалануы керек. Карантин шектеулерін сақтамайтын азаматтарға талапты күшейтуді тапсырамын. Ashyq бағдарламасымен қамту деңгейін арттырып, оның жұмысын күнделікті мониторингтеуді тапсырамын", - деді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу