Қазақстанда қараша айында импорт 10,5%-ға, экспорт –5,4%-ға қымбаттады

980

Қазақстанда қараша айында импорт 10,5%-ға, экспорт –5,4%-ға қымбаттады

2016 жылғы қаңтар-қарашада экспортталатын тауарларға баға – 13,7%, импортталатындарға 15,3%-ға жоғарылады, деп мәлімдеді  ҚР ҰЭМ статистика комитеті.

2016 жылдың өткен кезеңіне экспорттық жеткізілімдердің бағасы мырышқа – 52,4%, қорғасынға – 42,3%, қара металдар илегіне – 40,8%, алюминийге – 21,5%, көмірге – 20,9%, түсті және қара метал кендеріне – 16,7%, мұнайға – 16,3%, ферроқорытпаларға 14,6%-ға жоғарылады, табиғи газға 7%-ға төмендеді. Бағаның мақтаға – 49,5%, астыққа – 15,2%, жүнге 11,4%-ға жоғарылауы тіркелді.
Импорттық өнімдерден көкөністер – 28,9%, құс еті – 17,7%, жемістер мен жаңғақтар – 14%, қант – 13%, шай – 10,6%, маргарин – 10%, балық – 8,7%, сүт өнімдері 7,3%-ға қымбаттады. Баға қағазға – 32,4%, тоқыма бұйымдарына – 24%, аяқкиімге 21,1%-ға жоғарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу