Қазақстанда қараша айында жаңа тұрғын үй бағасы 0,3 пайызға өскен

732

Қазақстанда қараша айында жаңа тұрғын үй бағасы 0,3 пайызға өскен

Қазақстанда 2017 жылдың қарашасында жаңа тұрғын үй бағасы 2017 жылдың қазанымен салыстырғанда 0,3%-ға өскен. Бұл туралы ҰЭМ статистика комитетіне сілтемемен today.kz хабарлайды.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қарашада екінші нарықтағы жайлы үйлердің бағасы 1%-ға төмендеген, ал абаттандырылмаған үйлердің бағасы өзгермеген. Жайлы үйлерді жалға алу бағасы 0,1%-ға арзандаған.

"Республика бойынша қараша айында жаңа үйдің 1 шаршы метрінің орташа бағасы 253 мың 134 теңгені құраған, ал екінші нарықтағы жайлы үйлер құны - 185 мың 716 теңге, абаттандырылмаған үйлер - 114 мың 496 теңге, жайлы үйлерді жалға алу бағасы 1 шаршы метрі үшін 1314 теңге болған", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу