Қарттар балаларының әрқайсысынан алимент өндіре алады

1449

Қарттар балаларының әрқайсысынан алимент өндіре алады

Алимент дегенімізді біздің қоғам балаға төлейтін қаражат ретінде қабылдайды. Бірақ қауқарсыз қарт ата-аналар өз балаларынан да алимент өндіре алады, деп жазады Today.kz.

Үкімет сайтында "еңбекке қабілетті кәмелеттік жасқа толған балалар еңбекке қабілетсіз, көмекке мұқтаж ата-аналарына көмек беруге міндетті", – делінген. Егер балалар бұны өз еріктерімен істемесе, ата-аналары оларды сотқа бере алады. Бір баласы емес, бірнеше баласына алимент төлете алады. 

Бұндай алиментті ата-ана құқығынан айырылған қарт кісілер ала алмайды. 

Балалар тек екі жағдайда ата-анасына алимент төлеуге міндетті: ата-анасы еңбекке қабілетсіз болса және көмекке мұқтаж болса. Ол үшін ата-анасы өзінің көмекке мұқтаждығын растауға тиіс. Оған дәлел ретінде зейнетақы куәлігі мен еңбекке қабілетсіздігін растайтын анықтама көрсетіледі.

Ата-ананың баласынан алимент өндіріп алуына көп уақыт кетеді. Егер қарт адам өздігінен жасай алмаса, жеке агенттіктердің көмегіне алады. Бұндай компаниялар өтінішті онлайн түрде рәсімдейді. Қызмет әлбетте ақылы, 15 мыңға дейін жетеді. Компания клиентінің атынан сөйлеуі үшін нотариустан әкелінген сенімхат керек. Бұл да ақылы. 

Маңыздысы алимент көлемі екі тараптың да материалдық жағдайына байланысты. Егер баланың тұрақты жұмысы, үйі болмаса, кәмелеттік жасқа толмаған балалары болса, соттан істі қайта қарауды сұрауға құқылы. 

Осының бәрін тексерген соң сот ай сайын төленетін алимент көлемін анықтайды. 

Сотсыз да шешуге болады: балалар ата-анасымен келісімге келіп, өзі ай сайын беріп тұратын қаражат көлемін жазбаша түрде қалдырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу