Қазақстанда картоп қоры жеткілікті ме

255

Биыл өнім көлемі былтырғы деңгейде болады деп күтілуде.  

Қазақстанда картоп қоры жеткілікті ме Фото: tveragroprom.com

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова елімізде картопқа деген ішкі қажеттілік жылына 2 млн тоннадан асатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бiздің жалпы қажеттілігіміз 2 млн тоннадан асады. Бұл ретте былтырғы қорытынды бойынша елде 2,8 млн тонна картоп жиналды. Биыл да өнім көлемі былтырғы деңгейде болады деп күтіледі", – деді вице-министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Назгүл Хатепованың сөзінше, жинап алған өнімнің дені көкөніс қоймаларында сақталады, олардың сыйымдылығы 2,6 млн тоннаға тең. 

"Импортқа келсек, ол тек мамыр-маусым айларындағы маусымаралық кезеңде, яғни қор таусылып, ерте пісетін картоп түскенге дейінгі аралықта байқалады. Маусымаралық кезеңде ішкі нарық нарық қажеттілігін жабу үшін елде жыл сайын ерте пісетін картоптың егіс алқаптары ұлғайтылып келеді. Өнім көлемі жеткілікті, биыл да экспорттық әлеуетіміз сақталады. Сондай-ақ көкөніс қоймалары да жеткілікті", – деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу