Қазақстанда картоп өсірудің бельгиялық тәсілі енгізіледі

921

Қазақстан мен Бельгияның Эно провинциясындағы CARAH агрономия және ауыл шаруашылығы өнеркәсібі орталығы өзара ынтымақтастық туралы келісімге келді. 

Қазақстанда картоп өсірудің бельгиялық тәсілі енгізіледі

Осы келісімнің аясында елімізде картоп өсірудің тың технологиясы қолға алынбақ. Eldala.kz хабарлағандай, Бельгия – картоп өңдеу жағынан еуропадағы алдыңғы қатарлы ел.  Ал аталған орталықта жұмыс істейтін 70 ғалым мен агроном қазақстандық фермерлерге осы саланы кеңінен дамытып, мол өнім алуына қол ұшын бермек.

Картоп және көкөніс өсірушілер одағының президенті Қайрат Бейсетаевтың айтуынша,  еліміздің ауыл шаруашылығының мамандары Бельгия еліне барып, екі апта бойы осы елде енгізіліп жатқан тың технологиялармен танысып қайтады. Сондай-ақ, келісім аясында бельгиялық сарапшылардың Қазақстанға сапары жоспарланып, мамандар ауыл шаруашылығы саласындағы білгір мамандарды даярлау және ұйымдастырушылық, техникалық мәселелерді кеңінен талқыламақ.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу