Қазақстанда кәсіпкер әйелдердің үлесі артты

609

Бір жылда 80 мыңға жуық әйел кәсіпкерлік курсынан өткен деп жазады inbusiness.kz. Бұл жөнінде бүгін Үкімет отырысына қатысқан Тамара Дүйсенова айтты.   

Қазақстанда кәсіпкер әйелдердің үлесі артты Фото: google

"Мемлекеттік қолдаудың тағы бір маңызды шарасы - содан кейін жұмысқа орналасу немесе өз ісін ашуға апаратын оқыту, Өткен жылы 80 мыңға жуық әйел кәсіпкерлік негіздері бойынша курстардан өтті. Оқыту қорытындысы бойынша 13 мыңға жуық әйел грант алды. Оның 58% - ы тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті технологиялық жабдықтар мен мүкәммал сатып алды, ал 31% - ы мал шаруашылығымен айналысып, мал сатып алды", – деді ЕХӘҚМ басшысы.

Әсіресе көпбалалы аналардың жеке кәсіпке деген қызығушылығы жоғары дейді министр. Тамара Дүйсенова  кондитерлік цех ашқан Қызылорда облысы Шиелі ауданының көпбалалы анасы Гүлзия Мұратбекқызының және гипс пен резеңкеден жасалған бұйымдар шығарумен айналысқан Ақтөбе облысының тұрғыны Ақманат Жолаушыбаеваның жобаларын ерекше атады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу