Қазақстанда кәсіпкерлердің шотын бұғаттау тәртібі қайта қаралды

230

Тиісті түзетулер қазір талқыланып жатыр.

Қазақстанда кәсіпкерлердің шотын бұғаттау тәртібі қайта қаралды Фото: canva.com

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жаңа Салық кодексі аясында кәсіпкерлердің банктік шоттары қарыздар бойынша қай уақытта бұғатталмауы мүмкін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Вице-министрдің сөзінше, енді қарыз мөлшеріне байланысты сараланған тәсіл қолданылмақ. 

"Егер қарыз көлемі 20 АЕК-ке (78640 теңге) дейін болса, кәсіпкерлерге ескерту жіберіледі. Үлкен сомадағы қарызы барлардың ғана шоттары бұғатталатын болады. Айта кету керек, салықтардан бөлек зейнетақы, әлеуметтік және медициналық аударымдар секілді әлеуметтік төлемдер бар. Бұл аударымдар бойынша 1-10 теңге қарыз үшін шоттар бұғатталуы мүмкін. Біз осы мәселе жөнінде әлеуметтік блокпен бірлесе жұмыс істеп, шоттарды бұғаттау шегін арттыру туралы шешім қабылдадық. Яғни, 1000 теңге көлеміндегі қарыз үшін шоттар бұғатталмайды. Бұл туралы жаңа Салық кодексі жобасында айтылған", – деді Қаржы вице-министрі Мәжіліс кулуарында.

Біржанов бұл нормалар қазір талқыланып жатқанын баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу