Қазақстанда кәсіпорындардың 80% онлайн әдіспен тіркеледі

899

2021 жылдың алғашқы жартыжылдығының соңында тіркелген заңды тұлғалардың саны 469,9 мың кәсіпорынға жетті. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3,8% артық.  

Қазақстанда кәсіпорындардың 80% онлайн әдіспен тіркеледі

Жалпы елде тіркелген заңды тұлғалардың саны қатарынан оныншы жыл өсімді көрсетіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

Елде компаниялардың тіркеу ісіне Әділет министрлігі жауапты. Бұл бағытта мемлекеттік қызметті көрсету ісі өтінім беру мен нәтижесін беру мына органдар арқылы жүзеге асырылады:

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – коммерциялық емес ұйым, сонымен қатар акционерлік қоғам мен мемлекеттік кәсіпорындар формасындағы коммерциялық ұйымдар;
2) Электронды үкіметтің веб-порталы (www.egov.kz) арқылы – жеке кәсіпкерлік субъектілері;

Сауалнама мәліметіне сәйкес, аталмыш мемлекеттік қызметке өтінім берушілер мен қызмет алушылардың 75,1% ғана қанағаттанған. Қоғамдық мониторингтің нәтижесінде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу қызметі 62 мемлекеттік қызметтің ішінде 27-ші орында тұр.

Жалпы сауалнамаға 147 респондент қатысқан. Олардың ішінде 61,2% ер адамдар болса, 38,8% әйелдер. Қызмет алушылардың көпшілігінің жасы (43,5%) – 30 бен 39 жас аралығы.

"Қызмет бұл ретте онлайн да, офлайн түрде көрсетілетінін атап өту керек. Респонденттердің 20% Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандарының көмегімен қызметті қағаз жүзінде алған. Сұралғандардың қалған 80 пайызы қызметті электронды үкіметтің веб-порталы арқылы онлай әдіспен алғаны белгілі болып отыр", - делінген зерттеуде.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу