Қазақстанда кәсіпорындардың жұмыскерлер алдындағы берешегі 610 млн теңгені құрады

218

Жыл басынан берешек көлемі 1,5 млрд теңге болса, оның 890 млн теңгесі төленді. 

Қазақстанда кәсіпорындардың жұмыскерлер алдындағы берешегі 610 млн теңгені құрады Фото: dreamstime

Биыл 50 кәсіпорында проблемалық мәселелер шешілді. Қалған 77 кәсіпорында ахуал бар, сондықтан олар министрлік бақылауына алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
 
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы ахуалдық орталық ел кәсіпорындарындағы ахуалға күнделікті мониторинг жүргізеді.

"Биылғы жылдың басында республика бойынша мониторингте 127 кәсіпорын болса, бүгінгі күні 50 кәсіпорында проблемалық мәселелер шешілді. Бүгінгі таңда 77 кәсіпорын бақылауда, олар бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар еңбек жанжалдарын болдырмау жөнінде шаралар қабылдануда", - деді ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы, ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.

2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 126 кәсіпорында 1,5 млрд теңгеден астам сомаға 9,7 мың қызметкердің алдындағы жалақы бойынша берешекті анықтады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 8,1 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалып, оларға 890 млн теңге төленді. 

"Жұмыс берушілерге 1 409 ұйғарым беріліп, оларға 1780 әкімшілік айыппұл салынды. 24 мамырдағы жағдай бойынша жалақы бойынша берешек 29 кәсіпорында 1,6 мыңнан астам қызметкердің алдында 682,6 млн теңгені құрады", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу