Қазақстанда қатерлі ісікті ерте анықтау мүмкіндігі кеңейді

254

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.  

Қазақстанда қатерлі ісікті ерте анықтау мүмкіндігі кеңейді Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram

Қазақстанда онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтер мен заманауи диагностика көлемі артып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 17,4 мың ПЭТ/КТ зерттеуі жүргізілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 21,6%-ға көп.

Халықты онкологиялық скринингпен қамту көрсеткіші де 37,6%-дан 41,7%-ға дейін өсті.

Иммуногистохимиялық зерттеулердің саны 2024 жылғы 33,6 мыңнан 2025 жылы 65,1 мыңға жетті. Бұл ісіктің ерекшеліктерін анықтап, емдеу тәсілін нақтылауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ сәулелік терапиямен қамту 65%-ға дейін кеңейді. Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусы іске қосылғаннан кейін Қазақстанда алғаш рет протондық терапия қолжетімді болды. Биылғы алғашқы алты айда 3 897 протондық терапия емшарасы және 9 239 сәулелік терапия сеансы өткізілді.

2025 жылы өңірлердегі онкология орталықтары 27 млрд теңгеден астам заманауи медициналық жабдықпен қамтамасыз етілді.

2026 жылдың соңына дейін дәлдігі жоғары диагностика бойынша алғашқы референс-орталықтарды және Қарағанды облысында жаңа ПЭТ/КТ орталығын іске қосу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу