Қазақстанда қатты жаңбыр жауып, суық ауа райы сақталады

307

"Қазгидромет " синоптиктері 9-11 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Қазақстанда қатты жаңбыр жауып, суық ауа райы сақталады Фото: inbusiness.kz

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш тәулікте ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, 9 қарашада оңтүстікте, 10 қарашада батыста жаңбыр, 9-10 қарашада оңтүстік-шығыста, 11 қарашада елдің шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) болады деп күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ болады деп болжанған.

"Кезеңнің аяғына қарай Қазақстанның оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы түнде 2 градустан 3 градусқа дейін, таулы аймақтарда 5-10 градусқа дейін төмендейді", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу