Қазақстанда қазақ тілі бойынша комиссия құрылады

1456

Ринат Зайытов мемлекеттік тілді менсінбейтіндерген шүйліккен болатын.

Қазақстанда қазақ тілі бойынша комиссия құрылады Фото: YouTube

Елімізде республикалық емле комиссиясы құрылғалы жатыр. бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Республикалық емле комиссиясы құрылсын", – делінген министр Саясат Нұрбектің бұйрығының жобасында.

Комиссия, дәлірек айтсақ, ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган келесідей функцияларды орындайды:

Қазақ тілінің емле ережелерін қалыптастыру, сөзжасам тәсілдерінің біркелкілігі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

қазақ тілінің емле ережесінің жобасын тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органға бекітуге енгізу;

қазақ тілінің сөздіктерін құрастыруға және басып шығару жиілігіне қойылатын талаптарды әзірлеу;

қазақ тілінің сөздіктері мен анықтамалықтарының тізбесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

қазақ тілі сөздіктерінің, анықтамалық құралдардың жобаларын олар келіп түскен кезде орфографиялық нормаларға сәйкестігін қарау;

бір графикалық жүйенің мәтіндері мен жеке сөздерін басқа графикалық жүйе арқылы әріпке көшіру мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Комиссия құрамына министрлік қызметкерлері, ғалымдар, профессорлар, бөлім басшылары, ғылыми қызметкерлер кіреді.

Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаты Ринат Зайытов "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заң жобасын талқылау барысында құжатқа қазақ тілінің мәртебесіне қатысты нормаларды енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, сатушы бірінші кезекте мемлекеттік тілде қызмет көрсетуге міндетті екенін заң деңгейінде белгілеу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу