Қазақстанда кедендік процесстер 2,3 есеге жеңілдетілді

919

Қазақстанда кедендік процесстер 2,3 есеге жеңілдетілді

Қазақстанда кедендік процесстер 2,3 есеге жеңілдетілді. Бұ туралы ОҚҚ-да "Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру" тақырыбы бойынша брифинг өтті. Спикер ретінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғосман Әмрин мәлімдеді, деп жазады strategy2050.kz.

 "Бизнес-процесстерді оңтайландыру нәтижесінде жасалатын іс-әрекеттердің саны 898-ден 394-ке дейін (2,3 есеге) қысқартылған. Жалпы кедендік рәсімдеу уақыты 6 сағаттан 1 сағатқа дейін қысқартылған", - деді Амрин госман Кәрімұлы.

Халықаралық сауданы жүргізу шарттарын одан әрі жеңілдету үшін кедендік рәсімдеу мен бақылау процестерін біртұтас платформа негізінде электрондық форматқа ауыстыруы жоспарланған. Бүгін осы процестер әр түрлі ақпараттық жүйелерінде байланыссыз қалған.

Тауарларға электронды түрде берілетін декларация онда жазылған мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуды қажет етпейтін болады. Сонымен қатар тәуекелдерді басқару жүйесі тауарларды тексеріп, тәуекелдерді таппаған жағдайда олар автоматты түрде (мемлекеттік кірістер органның лауазымды тұлғаның қатысуынсыз) шығарылатын болады

Бұл жүйе кеден және салық жүйелер интеграциясының бірінші қадамы ретінде болады.

Сонымен қатар МКК төраға орынбасары Астана қаласында барлық бақылаушы органдарды орналысқан жаңа көліктік-логистикалық орталық ашылғандығы туралы хабардар етті. Бұнда сыртқы экономикалық қызмет қатысушы барлық кешенді логистикалық қызметті алады.

Дәл сондай 4 кедендік рәсімдеу аймақтары (Қазақстанның Солтүстік, Оңтүстік, Батыс және Шығысында) қысқа уақыт ішінде басқа ірі қалаларда да пайда болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу