Туристер Қазақстанның қай өңіріне көп келеді?

179

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда орналастыру орындарының жалпы саны 4 167 жетті, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 253 бірлікке артық. 

Туристер Қазақстанның қай өңіріне көп келеді? Фото: vestisemey.kz

Аталған демалыс орындары 3,9 млн келушіні қабылдады, оның 14,2% – шетелдіктер, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Рейтингте қабылданған қонақтар саны бойынша Алматы көш бастап тұр. Жергілікті қонақүйлер 1 млн келушіні қабылдады. Екінші орында — 667,2 мың келушісі болған Астана. 252,9 мың  келушіні қабылдаған Шымкент үшінші орында.

Туристер ең аз баратын облыс - Ұлытау, онда барлығы 13,6 мың келуші тіркелген.

Жарты жыл ішінде көрсетілген қызметтер көлемі 121,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,9% артық.

Өңірлер бөлінісінде қонақтарды қабылдаушы орын саны бойынша Алматы қаласы алғашқы орында – 385 орын, одан кейін Жетісу облысы – 361 орын және Ақмола облысы – 354 орын.

Орналастыру орындары – қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, демалыс үйлері, пансионаттар және келушілерді орналастыру мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа ғимараттар мен құрылыс нысандары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу