Қазақстанда кеншілердің зейнет жасы қысқаруы мүмкін

523

Бұл туралы бүгін Үкіметте журналистер сұрағына жауап берген Тамара Дүйсенова айтты деп жазады inbusiness.kz. 

Қазақстанда кеншілердің зейнет жасы қысқаруы мүмкін Фото: google

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің сөзінше қазір бұл мәселе қарастырылып жатқан көрінеді. Ол үшін қара еңбек иелері кемі 15 жыл зиянды жағдайда жұмыс істеуі тиіс – дейді министр.

"Біз зиянды жағдайда еңбек ету мәселесін қарастырып жатырмыз. Сондықтан қазір халықаралық тәжірибеге сүйеніп отырмыз. Мысалы, олар 15 жыл зиянды жағдайда еңбек етсе, содан кейін басқа жұмысқа ауысуы керек. Қазір біз әлеуметтік қамсыздандыруға әсер ететін жұмыстың шекті кезеңін қарастырып жатырмыз" - деді министр Үкімет отырысынан соң.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу